8 Шілде 2024 2024, 06:18
Фото: -архив
ТЖМ таулы аймақта тұратындарға ескерту жасады
ТЖМ қазақстандықтарға таудағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
ТЖМ қазақстандықтарға таудағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Тауға барған сәтте мынаны естен шығармаған жөн:
- өз маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз;
- сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе жаңбырдан кейін;
- жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек;
- сел тасқыны өмірге қауіп төндіретін салмағы үлкен тастар лақтыру мүмкін екенін есте сақтау қажет;
- есіңізде болсын, сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады;
- 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерін қадағалаңыз, сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.
Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!