ТЖМ тауға жалғыз аттанған адамды іздестіріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен ер адмның тауда жоғалғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мәншүк Мәметова көлінде түнеген 27 жастағы жас жігіт таңертең шыңға көтерілетінін айтқан. Кешке жақын турист досына хабарласып, шыңды бағындырғандығын, дегенмен оған көмек қажет екендігін және өздігінен түсе алмайтындығын ескерткен. Осыдан кейін ер адаммен байланыс үзілген, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына 1 бірлік автотехника, 6 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы шықты. РЖҚЖ құтқарушылары альпинизм федерациясының (Тұйықсу базасы) альпинистерімен бірлесіп, іздестіруді бастады. Альпинистерден 2 адам жұмылдырылды. Жедел топ көлге дейін жетіп, М.Мәметова шыңына қарай жаяу жүріп шықты.
РОСО құтқарушылары мұздықтың түбін барлап, мұздақтарды қарап шықты. Альпинистер М.Мәметова жотасының қырқасын асып өтті.
Белгілі болғандай, турист «Қазселденқорғау» жұмысшыларына сөмкесін қалдырып, 18 шілде күні түске қарай қайтатынын айтып, сол қалпы оралмаған.
Бүгін таңертең РЖҚЖ-ның екінші жедел тобы 7 адам мен 1 бірлік автотехника құрамында бірінші топпен ауысты. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қазавиақұтқару АҚ бортында М.Мәметова шыңын ұшып өтуде, - деді ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ тауға шыққанда барлық сақтық шараларын есте сақтауды ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр Данабек Бименовтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты
Өзгелердің жаңалығы