ТЖМ: Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін
ТЖМ көшкін қаупі туралы ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 2024-2025 жылдарғы қысқы кезең басталғалы қар жамылғысы біркелкі түскен жоқ. Қазіргі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандардың көпшілігінде қардың биіктігі орташа көпжылдық мәндерге жуық және шамалы жоғары, қар көшкіні жағдайы тұрақты, Қазселденқорғау мамандарының бақылауында.
Шығыс Қазақстан облысында күрделі қар көшкіні жағдайы қалыптасуда. Бүгінгі күні қардың биіктігі нормадан 25%-ға артық. Кей жерлерде қар жамылғысының максималды биіктігі 120 см. Соңғы бірнеше күнде қардың ең үлкен тәуліктік түсуі 20 см. Сонымен қатар қар көшкіні жағдайына ауа температурасының жоғарылауы және қар бұрқасыны әсер етеді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Профилактикалық түсулерді жүргізу жөніндегі шешім қар жамылғысының жай-күйін (оның биіктігі, қардың түсуі нәтижесінде айтарлықтай көбеюі, қардың борап ауысуы, тұрақсыз жай-күй) ескере отырып қабылданады.