ТЖМ: ШҚО-дағы көшкінде адам шығыны болды ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин хабарлады. Оның айтуынша, биыл көшкін түсу қаупі бар кезеңде елдің шығыс аймағында жергілікті маңызы бар автожолда өздігінен көшкін түсудің бір жағдайы орын алған.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелген жоқ. Қар тазалау бойынша шаралар қабылданды. Өткен кезеңде көшкінінің 87 өздігінен түсуі тіркелді. Атап айтқанда, Алматы қаласында – 76, Алматы қаласында – 10, ШҚО – 1 дерек орын алды, - деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар, республика аумағында барлығы 600-ден астам көшкін қаупі бар учаскелер орналасқан. Қауіпті аймаққа 5 мыңнан астам адам, екі жүзден астам объект және шамамен екі жүз шақырым жол кіреді.
Жыл сайын қауіпті учаскелерді бағалауды, мониторингтеуді және бақылауды жыл бойы 62 бекет, шамамен 30 диспетчерлік бекет және 24 қар өлшеу маршруттары қамтамасыз етеді. Көшкін түсу кезеңінің басына дейін жүзге жуық ақпараттық қалқан қойылды, шамамен 140 жерүсті зерттеу жүргізілді. Көшкінге уақытылы ден қою үшін 115 адамнан тұратын 12 құралым дайындалды, 64 бірлік техника әзірлікке келтірілді, - деп атап өтті министр.
Сондай-ақ Ильин өз сөзінде таудағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында белсенді демалысты ұнататындар мен туристер барар алдында туыстары мен жақындарын қозғалыс бағыты туралы хабардар етуге шақырды. Сапарға шықпас бұрын ауа-райын тексеріп, өзімен бірге карта, компас және жылы киімнің қосалқы жиынтығын алып жүруі қажет деп отыр ол.