ТЖМ ресми өкілі әуежай маңындағы өртке қатысты пікір білдірді

Астанада әуежай маңындағы қамыс өртеніп жатыр. Өрттің жалпы ауданы 1 гектарға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда жедел мониторинг жүргізіліп жатыр.

Қажетті құралдар мен қызметкерлер оқиға орнында, барлық қажетті іс-шаралар қабылданып жатыр. Жедел мониторинг жүргізілуде, қауіп төніп тұрған жоқ, керек болған жағдайда тағы күштер мен құралдар жұмылдырылады, - деді Руслан Иманқұлов.

Төтенше жағдайлар департаменті деректері бойынша өрт сөндірушілердің жеке құрамы 13 сәуірде сағат 12:28 шамасында оқиға орнына шыққан.

Оқиға орнына келіп жеткенде 1 гектар жердей аумақта қамыс пен кепкен шөптің өртеніп жатқаны анықталды. Қазір жеке құрамнан 14 адам және үш техника өртті сөндіруге жұмылдырылды, - делінген Астана ТЖД таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Асхат Ниязовтың әлеуметтік желісінен алынған
Өзгелердің жаңалығы