21 Шілде 2024 2024, 10:34
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ қызметкерлері Әзербайжан азаматына көмектесті
Алматы қаласынан Атырау қаласына бара жатқан жүк көлігі жолда топыраққа батып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласынан Атырау қаласына бара жатқан жүк көлігі жолда топыраққа батып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызылорда облысының құтқарушылары таңертеңнен кешке дейін көлікті үзіліссіз қазып, тұрып қалған жерінен алып шықты.
Жүргізуші - Әзірбайжан Республикасының азаматы Аббасов Матлаб құтқарушыларға алғысын білдірді.
Төтенше жағдай орын алған кезде «112» нөмеріне хабарласыңыз!