10 Қаңтар 2025 2025, 06:39
Фото: скрин
ТЖМ қызметкерлері 24 адамды құтқарды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда "Новоишимское-Казанка" тас жолында 7 бірлік техника қар көшкініне түсіп, өз бетінше шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда "Новоишимское-Казанка" тас жолында 7 бірлік техника қар көшкініне түсіп, өз бетінше шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп дереу шақырту орнына барды.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан 4 жеңіл, 2 жүк және шағын автобус жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп, жақын елді мекенге дейін сүйемелденді.
Жолаушыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.