ТЖМ қызметкері қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнирдің жүлдегері атанды

28-29 қазан аралығында Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогына қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорттық жарыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығына орайластырылды. Спортшыларды марапаттау рәсіміне ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов қатысты.

8 адамнан тұратын ТЖМ құрамасы республикалық біріншілікке қатысты. Нәтижесінде 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ қызметкері Әліби Пернебек қола жүлдеге ие болды. Естеріңізге сала кетейік, қазан айының ортасында ведомство құрамасының құрамындағы Әліби Өзбекстандағы әлем чемпионатында жекпе-жектен алтын жүлдегер атанды.

«Batyr team» ведомстволық спорт клубының құрама командасының құрамында ТЖМ қызметкерлері бүгін министрлікті республикалық турнирлерде ғана емес, сондай-ақ халықаралық турнирлерде де табысты көрсетіп келеді. Бұл тек бастамасы ғана, - деп ТЖМ құрамасының бас жаттықтырушысы Ілияс Сарғазин атап өтті.

Айта кетейік, ТЖМ құрамасынан басқа республикалық турнирге ҚМА, МКҚ, ІІМ, ҚМ, ҰҚК және СЖҚІА командалары қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы