ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған екі адамға көмектесті

Қостанай облысы Қарасу ауданында, Қойбағар көлінің маңында құтқарушылар қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысына көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына келген мамандар көлік құралын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп апарды. 

Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады. 

ТЖМ ауа райын ескеру және қыс мезгілінде жолдарда барынша абай болу қажеттігін еске салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы