26 Шілде 2025 2025, 13:45
Фото: ТЖМ
ТЖМ құтқарушылары өрттен 42 адамды эвакуациялады
Бес қабатты жатақханада өрт шықты
Петропавл қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан бес қабатты жатақханада өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт ғимараттың екінші қабатындағы бөлмелердің бірінде басталды. ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 42 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады, көрші бөлмелерге өрттің таралуына жол бермеді. Өрт шағын алаңда сөндірілді.
Электр сымдарының жай-күйін қадағалаңыз, желіні жүктемеңіз және жарамды электр құралдарын пайдаланыңыз, - делінген ТЖМ ақпаратында.