ТЖМ құтқарушылары күйген тамақтың түтінінен уланған әйелді құтқарды

Жезқазған тұрғыны анасының қоңырауларға жауап бермей, әрі есікті ашпай жатқаны туралы айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Оқыс оқиға болды ма деп күдіктенген бойжеткен құтқарушыларға 112 нөмірі бойынша хабарласты. Тәжірибелі құтқарушылар есікті сындырмай, пәтерге альпинистік құрылғылардың көмегімен төбеден түсіп, балконнан кірді.

Пәтерде олар электр плитасында қараусыз қалған тамақтың күйіп, салдарынан түтінмен уланған 1975 жылы туған қожайынды дәрменсіз күйде жатқанын анықтады. 

Зардап шегуші әйел жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне әрі қарай тексеру және қажетті көмек көрсету үшін табысталды.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы