ТЖМ құтқарушылары биіктігі 2630 метр тауға шықты
Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні қарсанында ТЖМ құтқарушылары Шығыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығымен Риддер қаласы маңында орналасқан Иванов жотасындағы теңіз деңгейінен 2630 метр биіктікте орналасқан «Үш ағайынды» тау шыңына патриоттық мақсатта көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл тау шыңына көтерілу – альпинистік дайындықтың негізгі бөлігі әрі қиын жағдайларда қозғалу дағдыларын жетілдірудің жолы. Жас құтқарушылар биіктікте зардап шеккендерді тасымалдау әдістерін, заманауи жабдықтарды қолдануды үйренеді, - деді ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.
Шара барысында қатысушылардың алдында бірнеше міндет тұрды: альпинистік дайындықты шыңдау, жас құтқарушыларға биік тауда тіршілік ету тәсілдерін үйрету, моральдық-психологиялық төзімділікті арттыру және альпинистік жабдықтарды сынақтан өткізу. Іс-шара аясында жедел-құтқару жасағының жас қызметкерлері төмен температура жағдайында дала лагерінде өмір сүруге де машықтанды.
Барлық құтқарушы тапсырмаларды сәтті орындап, 2600-ден астам метр биіктікте ҚР ТЖМ туын тікті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Air Astana Үндістан бағытындағы әуе рейстерін тоқтатты
Келесі жаңалық
Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланды
Өзгелердің жаңалығы