Кеше 2026, 23:19
Фото: скрин
ТЖМ құтқарушылары балабақшадағы өртті сөндірді
Оқиға кезінде ғимарат ішінде балалар болмаған.
Бүгін Түркістан облысы Аден ата ауылындағы балабақшалардың бірінде өрт орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бір қабатты балабақша ғимаратының шатыры жанып жатқаны анықталды. Дереу өртті сөндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Оқиға кезінде ғимарат ішінде балалар болмаған.
Өртті сөндіруге ТЖМ күштері жедел жұмылдырылды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді.
Өрттің жалпы ауданы 244 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.