ТЖМ құтқарушылары 60 шетел азаматын эвакуациялады

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы республикалық маңызы бар Астана-Қарағанды-Алматы тас жолының 575 шақырымында Гүлшат ауылынан 14 шақырым жерде жолаушылар автобусы бұзылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ қызметкерлері бұзылған автобустан жақын маңдағы жол бойындағы кафеге 60 жолаушыны, оның ішінде 15 баланы эвакуациялады. 

Эвакуацияланғандардың барлығы - Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының азаматтары. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы