21 Қаңтар 2025 2025, 18:37
Фото: - архив
ТЖМ құтқарушылары 5 адамды қар құрсауынан шығарды
Қарағанды облысында, Осакаров ауданында, "Осакаровка-Нұра" автожолында қар құрсауында 2 көлік тұрып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысында, Осакаров ауданында, "Осакаровка-Нұра" автожолында қар құрсауында 2 көлік тұрып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушылар жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен 5 жолаушыны Осакаровка кентіне эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ дауылды ескертулерді ескеруді және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауға кеңес береді.