ТЖМ құтқарушылары 48 адамды эвакуациялады

ТЖМ құтқарушылары жолда бұзылып қалған "Шымкент-Мәскеу" маршрутындағы 48 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін 112 пультіне Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы "Шымкент-Мәскеу" маршрутымен бара жатқан автобустың сынып, тоқтап қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу шақырту орнына жөнелген құтқарушылар көліктегі 48 адамды құтқарды. Олардың 21-і Өзбекстан Республикасының азаматтары, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ қызметкерлері барлығын вахталық автобуспен эвакуациялап, жақын жылыту пунктіне жеткізді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы