19 Тамыз 2026, 21:18
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Алматы облысында 3400 метр биіктіктен туристің мәйіті табылды
Мәйіт жеке басын анықтау және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облысының жедел-тергеу тобына тапсырылды.
Алматы облысының Талғар ауданында, Северцев мұздығы маңында, шамамен 3400 метр биіктіктен туристер белгісіз адамның мәйітін тауып, ТЖМ-ге хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары мәйітті таудың қолжетімділігі қиын учаскесінен эвакуациялады. Жұмысқа «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды.
Мәйіт жеке басын анықтау және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облысының жедел-тергеу тобына тапсырылды.
ТЖМ тауға шығатын азаматтарға маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райын ескеруге және физикалық дайындығын бағалауға кеңес береді. Жақындарына бағыт пен қайту уақытын хабарлап, байланыс құралдары мен қажетті жабдықтарды алып жүру қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарлау қажет.