29 Қаңтар 2025 2025, 09:14 Фото: архив

ТЖМ құтқарушылары 3 адамды эвакуациялады

Бүгін 112 пультіне Алматы облысының Бұлақты таулы жерінде жеңіл көліктің қар құрсауында тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Бүгін 112 пультіне Алматы облысының Бұлақты таулы жерінде жеңіл көліктің қар құрсауында тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Дереу шақырту орнына жөнелген құтқарушылар машинада 3 адамның бар екенін анықтады. ТЖМ қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялап, Шелек ауылындағы ең жақын жылыту пунктіне жеткізді. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.