ТЖМ құтқарушылары 2 баланы қар құрсауынан шығарды

Қостанай облысы Қарасу ауданындағы аттас ауылдан 12 км қашықтықта құтқарушылар қар құрсауында қалған көлікті шығару бойынша сәтті операция жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкесі екі баласын балық аулауға үйрету үшін жолға шығып, қайтарда қар құрсауында қалып, өздігінен қауіпсіз жерге шыға алмаған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Өз кезегінде жүргізуші дер кезінде көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғысын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы