ТЖМ құтқарушылары 14 адамды эвакуациялады

Бүгін түнде Ақтөбе облысы Хромтау қаласында "Самара-Шымкент" автожолының 850 шақырымында жолаушылары бар 3 жеңіл автокөлік пен бір жүк көлігі қар құрсауында қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік ішінде 14 адам, оның ішінде 2 Өзбекстан Республикасының азаматы болды.

ТЖМ құтқарушылары мен ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына вахтовканмен келіп, көлік құралдарын жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, 14 адамды Хромтау қаласының кемпингіне эвакуациялады.

ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы