3 Қаңтар 2025, 18:13

ТЖМ құтқарушылары 12 адамды құтқарып, эвакуациялады

Ұлытау облысы Ұлытау ауылының 140 шақырым жерде "Жезқазған-Петропавл" автожолында жолаушылары бар 3 жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалды.

Ұлытау облысы Ұлытау ауылының 140 шақырым жерде "Жезқазған-Петропавл" автожолында жолаушылары бар 3 жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалды.

Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын Трэкол автокөлігінің көмегімен 12 адамды эвакуациялады. Олар медициналық көмек мұқтаж емес.

ТЖМ еске салады: қозғалысты шектеу туралы ақпаратты ҚР ТЖМ ресми сайтында "шұғыл ақпарат" бөлімінен көре аласыздар.