ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Бүгін Сәтпаев қаласы, Мәңгілік Ел көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлердің біріне жапсарлас салынған дүкеннен өрт шығып, қауіп тудырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушылар өрт сөндіру барысында баспалдақ маршымен 10 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
Өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салады!
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО тұрғыны киік мүйізін сақтағаны үшін сотталды
Өзгелердің жаңалығы