ТЖМ: Құлсарыда өзен деңгейінің төмендеуі байқалады

Құлсары қаласында өзен суы деңгейінің төмендеуі байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, су басқан тұрғын үйлерден су айдау жұмыстары жалғасуда. 

Су тасқыны басталған сәттен Атырау облысының Жылыой ауданында 250 000 текше метрден астам су сорылды. Жем өзеніндегі су деңгейі тәулігіне 11 см төмендеді. 2748 тұрғын үй және әкімшілік нысандар су жайылған аумақта қалуда. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс атқаруда, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы