ТЖМ қолайсыз ауа райы кезіндегі қауіпсіздік туралы ескертеді

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 2024 жылғы 13-15 ақпан күндері еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, боран, қалың қар,желдің күшеюі, тұрман күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар!

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз. Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз,- делінген ТЖМ хабарламасында.

Барлық оқиғалар туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы