ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

"Мұз-2024" акциясы аясында Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері мұздағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Сондай-ақ ведомство қысқы балық аулау ережелерін еске салды.

Мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмауы керек. Құтқару құралдарын өзіңізбен бірге алып жүріңіз:

  • ысқырық, құтқару шиілдері, жилет, ұзындығы кемінде 12 метр болатын арқан;
  • ұзындығы кемінде 2 метрлік таяқ;
  • су өткізбейтін қаптамадағы мобильді телефон.

Тыйым салынады:

  • жұқа және әлсіз мұзға шығу;
  • мұздың бір бөлігіне топтасу;
  • жарықтарға, ойықтарға жақындау;
  • мұз үстінде бірнеше лунка жасау;
  • мұз үстінде от жағу.

Қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы