ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әрбір азамат су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауы қажет. Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмауға және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеуге шақырады. 

Оның айтуынша, балаларды жүзуге үйретіп, бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері орнатылған жерлерде суға түспей, мас күйде шомылмау қажет.

Жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан асып кетпеңіз; шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз; тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз; жүзу құралдарына құтқару күртешесінсіз отырмаңыз. Жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз; қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз. Осы қарапайым ережелерді ұстану Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды, – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Апат болған жағдайда ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайлар басқармасының «112» телефоны бойынша көмекке жүгіну қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы