22 Маусым 2025 2025, 09:03
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады
ТЖМ 2025 жылғы 22 маусымға арналған Қазақстан бойынша дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ 2025 жылғы 22 маусымға арналған Қазақстан бойынша дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Негізгі қауіптер:
Солтүстікте, орталықта және шығыста - найзағай, бұршақ, дауыл, 20-28 м/с дейінгі жел.
Оңтүстік өңірлер ыстықты, 20 м/с дейінгі желді сезініп, кей жерлерде шаңды дауыл мен найзағай болады.
Батыс облыстарда найзағай, 20 м/с дейінгі жел күтіледі.
Сонымен қатар бүкіл ел бойынша төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.