ТЖМ өрт қаупі жоғары өңірлерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Жоғары өрт қаупі биыл әлі де сақталып отыр. Бұл - «Қазгидрометтің» бізге берген болжамы. Өрт қауіп кезеңінде орташа температура 30 градусты құраса, ал оңтүстік елді мекендерде 40 градусқа дейін көтеріледі. Сондықтан өрт қаупі сақталып отыр. Жыл сайын оңтүстік өңірлерде құрғақ шөптің жануы мен дала өртінің көбеюі болып тұратын жағдай, - деді ол.
Дербісов атағандай, министрлік өңір әкімдіктерімен үнемі бірлесе жұмыс жүргізеді.
Қазір өрттің алдын алу шаралары бойынша дайындық жүргізіліп отыр. Биыл күннің қатты жылынуына байланысты барлық өңірде құрғақ шөптің жануы тіркеліп жатыр. Қазір отпен күресуге арналған құрал-жабдықтар толық қамтамасыз етілген деп айтуға болады. Қосымша өрт түрлері пайда болғанда жергілікті жерлерде автоматтандырылған жүйе жұмыс істейді, - деді Нұрболат Дербісов.