ТЖМ өкілі халыққа маңызды хабарлама жасады

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы Ерлан Төрегелдиев хабарлады. Оның айтуынша, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік пен сақтық шараларын сақтау маңызды.

Күздің суық күндерінің басталуына байланысты ТЖМ тұрғындарды пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырып отыр.

Өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде алдын алу жұмыстарымен автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлер назарда тұр. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне барып, түсіндіру жұмыстары жұмысы жалғасады, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Алдын алу жұмыстары бірлі-жарым барумен және үгіт материалдарын таратумен шектелмейді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, пайдаланылып жатқан тұрғын үйлерді қайта аралау жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2 миллионнан астам жеке тұрғын үйді аралау жоспарланып отырған көрінеді.

ТЖМ өкілінің айтуынша, жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржалары, мұржалары және басқа элементтері тікелей жылыту маусымы басталар алдында, сонымен қатар жылыту маусымы кезінде: үш айда бір рет – жылыту пештері үшін тазалануы қажет. Ал үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар екі айда бір рет күйеден тазартылуы тиіс. Сонымен қатар пешпен жылытуды пайдалану кезінде жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, оларды қадағалауды балаларға тапсырмауды сұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін тетіктің дер кезінде іске қосылуы себепті 150-ге жуық азамат өлімнен аман қалғаны туралы жазған болатынбыз.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы