31 Шілде 2025 2025, 15:55
Фото: gov.kz
ТЖМ өкілеттігі кеңейді
Төтенше жағдайлар министрлігі енді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік объектілер мен техникаларды жаңарту бойынша жиынтық жоспарларды келісуге жауапты болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ТЖМ вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне арнайы ғимараттар мен құрылыстар кешені, оқу-жаттығу полигоны, шаң және газды талдау зертханасы, арнайы техника, аппараттар мен құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Қауіпті өндірістік объектілерде зиянды факторлардың туындауына жол бермеу мақсатында ұйымдарда тікелей бірінші басшыға бағынатын жеке өндірістік бақылау қызметін құру міндеті енгізілді. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі белгіленді, – деді вице-министр.