ТЖМ мамандары қиын жағдайда қалған үш адамды биіктіктен құтқарды
ТЖМ құтқарушылары үш мыңдық биіктіктен үш адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеше кешке Алматы облысы Талғар ауданында 3300 м биіктікте орналасқан Шымбұлақ шыңынан түсіп бара жатқан кезде 24-25 жас аралығындағы үш ер адам өздерін нашар сезініп, 112 нөміріне қоңырау шалған. Олар өздері орналасқан жерінің координаттарын жіберіп, құтқарушылардың келуін күтті.
Медеу бекетінен ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының іздестіру тобы дереу көмекке аттанып, Безымянное шатқалына дейін келіп, әрі қарай геолокацияда белгіленген жерге дейін жолын жаяу жалғастырды.
Тәуліктің қараңғы уақытында таулы аймақты шектеулі көрініспен өткере отырып, тәжірибелі мамандар әлсіз туристерді тауып, оларды "Шымбұлақ" таулы шаңғы курортына дейін аман-есен эвакуациялады.
Өтініш берушілерге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл балалы отбасыларды қолдауға 1,7 трлн теңге бөлінді
Өзгелердің жаңалығы