8 Желтоқсан 2024 2024, 12:27 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ көлікті өрттен қорғаудың жолдарын ұсынды

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне өз кеңесін берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне өз кеңесін берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:

- көлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
- электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
- әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстаңыз;
- қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылаңыз;
- көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамаңыз;
- жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдаңыз.