ТЖМ елдегі барлық ата-анаға маңызды ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі барлық ата-анаға маңызды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Құрметті ата-аналар, балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алуға арналағн қарапайым сақтық ережелерін сақтайық! – делінген хабарламада.

Ол үшін қарапайым сақтық шараларын есте ұстаған жөн:

  • терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнату қажет яғни, өрт кезінде ғимараттан шығаруға оңай ашылатындай етіп қарастыру. Тор шыбықтарының арақашықтығы бала басы симайтындай (10 см-ден аспауы тиіс) орнату;
  • іштен ашылатын немесе жылжымалы торларды балалардың ашпауы үшін, арнайы бекіткіштер орнату;
  • үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмау;
  • жиһаздарды терезе жанынан алшақ қою;
  • балконға ересектерсіз шықпауы туралы балаға түсіндіру, қадағалау;
  • терезені, іштен ашылатын және жылжымалы торлардың ашу тәсілдерін балаға көрсетпеу, үйретпеу;
  • балаларға сақтық шараларын ұдайы үйрету және түсіндіру;
  • ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмаңыз, себебі бала оянғанда терезеге қарай ұмтылуы мүмкін;
  • баланы терезе алдына мінгізбеңіз, ұдайы қолыңызда ұстап тұрыңыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы