ТЖМ басшысы шахтадағы қайғылы оқиғаның себептері туралы айтты

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаның себептері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, бір жыл бұрын шахта тексерістен өткен. Тексеру кезінде бұзушылықтар анықталып, кейін олар түзетілген.

Бұл кемшіліктер апаттың себебі болды деп айту қазір қиын. Өйткені тиісті сараптамалар жүргізу қажет. Тек осы сараптамалардың нәтижелері бойынша апатқа не себеп болғаны туралы қорытынды жасауға болады, - деді ТЖМ басшысы брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы