24 Мамыр 2021, 12:15
ТЖМ басшысы Риддердегі өрттен зардап шеккендермен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Семей қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болып, жергілікті құтқарушылардың өрт сөндіру үшін қолданатын техникасымен танысты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Семей қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болып, жергілікті құтқарушылардың өрт сөндіру үшін қолданатын техникасымен танысты.
Сондай-ақ, ТЖМ басшысы 1927 жылы салынған ғимаратта орналасқан өрт-техникалық орталығының экспонаттарымен және көрмесімен танысты. Мұнда қызметтегі тарихи сәттер, өртті атпен сөндіру және өрт сөндірушілердің каскаларын жасау стендтері, қаладағы алғашқы өрт сөндіру командасының қалыптасуының фотоматериалдары жинақталған.
Сапар соңында төтенше жағдайлар басшысы жедел басқару орталығында болып, өңірді төтенше жағдайлардан қорғау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Бұған дейін Риддердегі өрттен зардап шеккен тұрғындармен ҚР Премьер-министрі Асқар Маминның кездескенін хабарлаған болатынбыз. ТЖМ басшысы Юрий Ильин осы сапар құрамында болды.
- «Соңғы бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткерген»: Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды 20:45
- Павлодарда шетел азаматтарын жұмысқа заңсыз тартқан тұрғын анықталды 20:23
- Вице-Президент Ерлан Қарин шетелдік діни көшбасшылардың өкілдерімен кездесті 20:15
- Жер салығы дұрыс есептелмеген: Атырауда 6,5 мың адамның құқығы қорғалды 20:11
- Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық істер бойынша Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды 20:01
- 100-ге жуық тұрғын «Жасыл аула» акциясына қатысты 19:45
- Сабақтағы төбелес: Ақтауда оқушы ауруханаға түсті 19:32