ТЖМ басшысы қорғаныш құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды.

Сапар барысында Министр Алматы облысының әкімі Амандық Батталовпен бірге Қорғас өзеніндегі қорғаныш құрылыстарын салу барысымен танысты.

Селден қорғау кешенінің негізгі элементі сел ұстайтын Шүкірбұлақ (Алмалы) бөгеті болып табылады, оның бір бөлігі Қытай Халық Республикасының аумағында орналасатын болады. Бұл жобаның әлеуметтік маңыздылығы мынада, бұл кешен Басқұншы ауылын, Қорғас ауылының оңтүстік бөлігін, «Достық» бас гидроторабының гидротехникалық құрылыстарын және олардың ирригациялық арналарын су басудан қорғауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қорғас-1, Қорғас-2 қорғаныш құрылыстарында өзен арнасын жабу бөгеттерін салу, сүзгіге қарсы бөгеттер салу, сел ұстайтын бөгеттің суағарын орнату, құрылыс шығыстарын өткізу арнасын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сапар соңында Юрий Ильин  қорғаныш құрылыстарын салу бойынша іс-шараларды уақтылы іске асыруды тапсырды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы