ТЖМ басшысы: Халықты қорғаудан қашпаймыз

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов еліміздегі су тасқыны жағдайына дайындығы жайлы баяндап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол халықты су тасқыны қаупінен қорғау мәселесін жедел және бұдан да нәтижелі шешу қажеттігін айтты.

Бұған дейін 2017 жылдан бастап әр үш жыл сайын Жол карталары бекітілді. Оларды іске асыру өзінің ішінара тиімділігін көрсетті. Олардың орындалуын талдау іс-шаралардың көп бөлігі орындалмағанын және келесі Жол картасына ауыстырылғанын көрсетті. Бұның себебі барлық көзделген шаралардың тиісті қаржыландырудың болмауы. Жекелеген іс-шараларды тек нүктелік күшейту болды, - дейді Әрінов.

ТЖМ басшысының айтуына қарағанда, соңғы Жол картасы тек 58%-ға іске асырылып, 92 іс-шара орындалмаған.

Кейде жобалардың қымбаттауына байланысты жекелеген іс-шараларды іске асыру үшін қаржы қаражаты жеткіліксіз болды. Оларды қосымша қаржыландыруға көп уақыт кетеді. Осыған байланысты жергілікті деңгейде әкімдіктердің тиісті құзыреті мен тетігі бар су тасқынына қарсы іс-шараларды жүз пайыз қаржыландыруды жоспарлау қажет. Қабылданған шаралар тиімді болуы тиіс және уақытша болмауы керек, нәтижесінде олар өңірлердегі су тасқыны жағдайын шешуі керек, - деп баяндады министр.

Мысалы, Көксарай суреттігішінің құрылысы Сырдария өзеніндегі 400-ден астам елді мекенді су басу қаупін біржола жоюға мүмкіндік берді.

Биыл Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін су басу қаупін болдырмайтын Есіл су реттегішін салу жоспарланып отыр.

Ведомство басшысының айтуынша, республика бойынша 40 су қоймаларын салу керек.

Иә, бұл әкімдіктер үшін қымбат болады, бірақ бұл халықтың қауіпсіздігін арттыруға және олардың мүлкін жоғалту салдарынан туындайтын әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді. Бір мезгілде жазғы кезеңде ауыл шаруашылығы алқаптарын суару мәселелерін шешеді. Өз кезегінде біз үйлестіруші министрлік ретінде халықты қорғау жөніндегі жауапкершіліктен қашпаймыз. Біз төтенше жағдайлар туындаған кезде барлық қажетті көмек көрсетеміз, - деп айтты Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы