ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ ескертеді:
- құлақтандыру дабылын алған кезде көршілеріңізге ескертіңіздер, мүгедек адамдар мен балаларға көмек көрсетіңіздер, нұсқаулықты қатаң орындаңыздар;
- киім-кешек, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмекті алдын ала дайындаңыздар, құжаттарды су өткізбейтін пакетке салыңыздар;
- электроэнергия көздерін тоқтан ажыратыңыздар, газды өшіріңіздер, пеште жанып жатқан отты сөндіріңіздер, есік пен терезелерді жабыңыздар;
- эвакуациялық пункттерден тиісті рұқсатсыз кетпеңіздер;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
- егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгені туралы ақпарат болса, ақпаратты 112 телефонына немесе жедел желі телефонына жіберіңіз!
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Үлкен жетістік". Тоқаев Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы