11 Қыркүйек 2026, 03:41
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ авиациясы науқасты шұғыл түрде Астанаға жеткізді
Ұшу барысында науқастың жағдайы медицина мамандарының бақылауында болды.
Санитариялық авиация қызметі аясында ТЖМ авиациясы Павлодар – Астана бағыты бойынша шұғыл рейс орындады.
1953 жылы туған ер адамға мамандандырылған медициналық көмек қажет болғандықтан, оны елордадағы медициналық мекемеге жедел жеткізу туралы шешім қабылданды.
Ұшу барысында науқастың жағдайы медицина мамандарының бақылауында болды. Астанаға келгеннен кейін ер адам одан әрі ем қабылдап, медициналық бақылауда болуы үшін дәрігерлерге тапсырылды.