8 Қазан 2026, 23:55 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ авиациясы науқасты Семейден Астанаға жеткізді

Науқасты тасымалдау барысында ТЖМ мамандары тиісті медициналық қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы санитарлық рейс орындап, Семей қаласынан Астанаға медициналық көмекке мұқтаж науқасты жеткізді.

1952 жылы туған азамат арнайы ұшақпен елордаға уақытылы тасымалданып, әрі қарай ем алу үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Науқасты тасымалдау барысында ТЖМ мамандары тиісті медициналық қауіпсіздікті қамтамасыз етті.