16 Қазан 2026, 22:24
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ авиациясы науқасты Өскеменге шұғыл түрде жеткізді
Мұндай әуе тасымалы шалғай және жетуі қиын аудандардың тұрғындарына медициналық көмекті уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары санитариялық авиация мамандарымен бірлесіп, медициналық көмекке мұқтаж науқасты Катонқарағай ауданынан Өскемен қаласына шұғыл жеткізді.
Науқасты тасымалдауға ұшқыштар Евгений Гончаров, Замира Мухамедьярова және Ержан Әмірканов, сондай-ақ санитариялық авиация мамандары Айгүл Кудербаева, Думан Бакербеков пен Назым Бейсенбаева қатысты.
Мұндай әуе тасымалы шалғай және жетуі қиын аудандардың тұрғындарына медициналық көмекті уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.