12 Қазан 2026, 21:18
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ авиациясы науқас баланы шұғыл түрде Атырауға жеткізді
Ұшу барысында экипаж әуе қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы санитариялық авиация мамандарымен бірлесіп, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 2008 жылы туған баланы Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылынан Атырау қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді.
Ұшу барысында экипаж әуе қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Ал науқастың жағдайы бүкіл бағыт бойында санитариялық авиацияның медициналық бригадасының тұрақты бақылауында болды.