ТЖМ әуе паркіне еуропалық үлгі бойынша қызмет көрсетіледі

Францяның Ле Буржесіндегі авиасалонда «Қазавиақұтқару» әлемдегі жетекші тікұшақ қозғалтқыштарын өндіруші Safran Helicopter Engines компаниясымен арнайы шарт жасасу ниеті тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұдан былай уағдаластық шеңберінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі авиациясының әуе кемелеріне қызмет көрсетіледі, жөнделеді, сондай-ақ қозғалтқыштарды бақылауды одан да жедел жүзеге асырады, бұл оларға ұшуға жарамды болу үшін қажетті техникалық қызмет көрсету нысандарында едәуір азырақ тұруға мүмкіндік береді. Еуропадағы құтқару қызметтерінің көпшілігі осы принцип бойынша жұмыс істейді.

Бүгінгі күні тіпті регламенттік жұмыстарды жүргізуге уақыт бөлуге келгенде - бұл жедел. Біздің қозғалтқышты белгілі бір жерде жөндеудің қажеті жоқ, олар оның орнына басқасын береді. Бұл шамамен 7-10 күнді алады. Яғни бұған айлар кетпейді. Бізде жұмыс 4-5 айға немесе одан да ұзақ уақытқа созылатын кездер болды. Бұл келісімдер бізге әуе кемесінің осы түрін барынша пайдалануға мүмкіндік береді, - дейді «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Болат Абайділдинов.

Егер Еуропаны алып қарайтын болсаңыз, мұнда адамдарды құтқарумен айналысатын барлық ұйымдарда осындай келісімшарт түрі бар. Құтқару туралы сөз болғанда, оқиға орнына мүмкіндігінше тезірек жетіп, адамдарды ауруханаларға апару маңызды. Сондықтан тікұшақтардың қолжетімді болуы өте маңызды. Біздің мақсат - «Қазавиақұтқару» операторының тек операциялық жұмыспен айналысуы, ал біз өнеркәсіпшілер ретінде тікұшақтар мен олардың қозғалтқыштарының тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бәрін жасаймыз,- дейді «Safran Helicopter Engines Germany» компаниясының бас директоры Франсис Ларрибо.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы