ТЖМ: Атырау облысы бақылауда

ҚР ТЖМ өкілі Шәріп Асқар атап өткендей, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі байқалады, мониторинг жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жайық өзені бойында су тасқыны жағдайын болдырмау мақсатында Атырау қаласында, Индер, Махамбет, Құрманғазы, Исатай аудандарындағы ауылдық округтерде бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Атырау облысына берілген күштер мен құралдар су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда, - деді спикер.

Бұған дейін броннан шығарылған жылжымалы сорғы станцияларын қолдану арқылы су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы