ТЖМ ата-аналарға ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандық ата-аналарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Министрлік балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу үшін бірнеше қарапайым сақтық ережелерін ұсынады:

  • терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнату қажет яғни, өрт кезінде ғимараттан шығаруға оңай ашылатындай етіп қарастыру. Тор шыбықтарының арақашықтығы бала басы симайтындай (10 см-ден аспауы тиіс) орнату.
  • іштен ашылатын немесе жылжымалы торларды балалардың ашпауы үшін, арнайы бекіткіштер орнату.
  • үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмау.
  • жиһаздарды терезе жанынан алшақ қою.
  • балконға ересектерсіз шықпауы туралы балаға түсіндіру, қадағалау.
  • терезені, іштен ашылатын және жылжымалы торлардың ашу тәсілдерін балаға көрсетпеу, үйретпеу.
  • балаларға сақтық шараларын ұдайы үйрету және түсіндіру.
  • ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмаңыз, себебі бала оянғанда терезеге қарай ұмтылу мүмкін.
  • баланы терезе алдына мінгізбеңіз, ұдайы қолыңызда ұстап тұрыңыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы