26 Наурыз 2023 2023, 13:24 Фото: Elorda.info

ТЖМ: Астанада жарықсыз қалған үйлерге электр қуаты қайта берілді

Астанада қосалқы стансада болған өрт салдарынан жарықсыз қалған үйлерге электр қуаты қайта берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада қосалқы стансада болған өрт салдарынан жарықсыз қалған үйлерге электр қуаты қайта берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 11.50-де «Заречная» 110/10 кВ қосалқы стансасындағы шектеулер толық алынды. Электр энергиясын беру қалпына келтірілді, - деп хабарлады «Астана-РЭК» кәсіпорнынан.

Еске сала кетейік, Астанада өрт болып, көпқабатты 23 үй жарықсыз қалған еді.