ТЖМ әскери қызметшілері ауыл тұрғындарын эвакуациялауда

ТЖМ әскери қызметшілері ауыл тұрғындарын эвакуациялауда, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің сарбаздары эвакуацияның белсенді кезеңіне тартылды. Ауыл тұрғындарын Соколовка кентінен Пресновкаға алдын ала тасымалдап, уақытша орналастыру пункттеріне орналастырған. Эвакопункттерде зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетілді, - делінген хабарладама.

Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін су басу аймақтарынан екі мыңнан астам адам алдын ала эвакуацияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы