Кеше 2026, 22:53
Фото: Скриншот
ТЖМ әскери қызметшілері Алтай қаласын су тасқынынан қорғауда
Қазіргі жағдай құзырлы органдардың тұрақты бақылауында.
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарға Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің 2-құтқару батальоны жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Негізгі күш Алтай қаласының қауіпті учаскелеріне бағытталған. Әскери қызметшілер арықтар мен су бұру арналарының арнасын тазалап, жағалауды бекітіп, құм салынған қаптарды орналастыруда.
Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Басты мақсат – тұрғын үйлерді су басу қаупін азайтып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазіргі жағдай құзырлы органдардың тұрақты бақылауында.