27 Наурыз 2024 2024, 00:46 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

ТЖМ: Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кентінде жағдай тұрақты

Ақтөбе облысының Шұбарқұдық кентіндегі жағдай тұрақты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының Шұбарқұдық кентіндегі жағдай тұрақты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 150-ден астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта жеке аулалардың жекелеген учаскелерінде су айдау жүргізілуде. Көмек көрсету үшін ауданға ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшісі және арнайы техникасы жіберілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.