20 Наурыз 2024 2024, 22:06
Фото: baq.kz
ТЖМ Алматы тұрғындарына ескерту жасады
ҚР ТЖМ Алматыда қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі жарияланғанын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ Алматыда қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі жарияланғанын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметінше, күннің жылынуы және жауын-шашынның түсуіне байланысты, сондай-ақ қардың тұрақсыз жағдайы мен қар жамылғысының биік болуынан қар көшкіні жүру қаупі бар.
Қар көшкіні жүру қаупі бар аймақта блок-бекеттер қойылды: "Үлкен Алматы" өзенінің бассейнінде - Аюсай орталығы, Кіші Алматы өзенінің бассейнінде - "Эдельвейс" , "Шымбұлақта". ТЖМ алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына тауға шығудан бас тартуға кеңес береді, - деп жазылған хабарламада.